Білім беру мекемелеріндегі жиындардың алдын алу мақсатында мектеп директоры Муқамажитова К.З қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ол 2023 жылғы 1 наурыздағы №39 "мектептегі ақшалай төлемдер туралы" бұйрықты оқыды. Мектептегі алымдардың алдын алу мақсатында Қамқоршылық кеңес мүшелерінің қатысуымен кеңсе тауарларына, ойыншықтарға, білім беру мекемесінің жөндеу жұмыстарына , мектеп әкімшілігі мен педагог қызметкерлеріне сыйлықтарға ақша жинауға тыйым салу туралы әңгіме жүргізіді.
Қатысушылар бір шешімге келді:
1.Ата-аналардан әртүрлі кеңсе тауарларына, жөндеу жұмыстарына, сыйлықтарға және т. б. заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салу қажет.
2. Мектеп әкімшілігі мен педагог қызметкерлеріне сыйлықтар үшін ақшалай қаражат жинауға тыйым салу.