14.12.2019
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай орта буын оқушылар арасында «Ел қорғауға әзірміз!» атты байқау ұйымдастырылды. Байқаудың негізгі мақсаты: оқушыларға патриотты тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту.
Байқау ережесі бойынша 5-8 сынып оқушылары (ер балалар)үш тур бойынша бақ сынасты:
1. «Өзін өзі таныстыру»
2. «Мен талант иесімін»
3. «Өзіңді сынап көр»
Оқушылар өздерін музыкамен проза жанрында таныстырса, ерекше де таныстырулар болды. Яғни, 5 «Б» сынып оқушысы Ким Герман постерге кемпірқосақ суретін салып отырып, өзінің атақан керемет таңнан батқан түнге дейінгі өмірін суреттеп берді. 7 «А» сынып оқушысы Жакупов Нұрсұлтан бірінші кезеңде-ақ көзге ерекше өнерімен түсіп, көрермендерді таң қалдырды, оқушы «Буратино» әнінің мотивына өзі шығарған өлеңмен би командасымен сахнада өнер көрсетті. Екінші турда қатысушылар өнерлерін ортаға салып, әділқазылар алқасын таң қалдырды. 5 сынып оқушылары «бозжорға» биін билеп, 7 сынып оқушысы Жакупов Нұрсұлтан «Робототехника» технологиясы бойынша құрастырған роботтар көрмесін ұйымдастырды. Бірнеше оқушылар көркем сөз оқып, ақындық шеберліктерін көрсетті.
Үшінші турда әр сыныптың оқушысына ел тарихына байланысты сұрақтар қойылып, қызықты ойынмен жалғасты.
Байқау нәтижесі бойынша III орынға 5 «а» сынып оқушысы Әлиасқар Тілеуді, II орынға 5 «Б» сынып оқушысы Ким Герман, I орынға 7 «А» сынып оқушысы Жакупов Нұрсұлтан ие болды және гран при иегері 8 «А» сынып оқушысы Оразгожин Мақсат атанды.
Барлық қатысушылар дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталды.