Текст
2022-2023 оқу жылында ауыл мектептерінің 8-сынып оқушыларына арналған «IQanat» пән олимпиадасы өз жұмысын жалғастырады. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, ауыл оқушыларының шығармашылық, танымдық, зияткерлік бастамаларын жандандыру, оқушылардың жалпы білім беру пәндерін оқуға қызығушылығын
қалыптастыру, оқушылар арасында тікелей байланыс пен тәжірибе алмасуға жағдай жасау. Жарқайың және Есіл ауданындағы ауыл мектептерінің оқушыларына арналған «IQanat» пән олимпиадасының аудандық кезеңі Есіл ауданында өткізілді. Олимпиадаға мектебіміздің 8 "Б" сынып оқушысы Хакимов Тамерлан қатысып, өз білімін көрсетті.