29.11.2019
27 қараша күні Жарқайың аудандық «Білім бөлімі» ММ мекемесі оқушылар арасында «Латын әліпбиіне көшу-қазақ тілінің жаңа белесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Тасты-Талды орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шамшенова Арайлым «Латынға көшу заман талабы» тақырыбын қорғап, 2 орын алды. Тарих пәні мұғалімі Мұхамажитов Аманжол Зағыпарұлына оқушыны жоғары деңгейде аудандық конференцияға дайындағаны үшін мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғыс білдіреміз.