"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кезекті педагогикалық кеңесі

29.10.2019

Бүгін Тасты-Талды орта мектебінде педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңестің жұмыс тәртібі бойынша негізгі үш сұрақ талқыланды.

1.I тоқсан бойынша оқу үлгерімі мен білім сапасын сараптау.
2.«Өзін -өзі тану пәні мұғалімі мен пән мұғалімдерінің жалпы адами құндылықтарды сабақта және сабақтан тыс уақытта ұштастыра білуі»
3.«Педагогтың кәсіби дамуына кері әсер ететін факторлар»

 

 

Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшілер оқушылардың  оқу үлгерімі туралы есеп беріп, не себептен сынып оқушыларының білім сапасының төмен немесе жоғары екендігін атап өтті.

Мектеп директорының оқу және тәрбие ісінің меңгерушісі Мухамажитов А.З білім сапасының жоғары болуы үшін педагогтар «күрделіден оңайға» принципі бойынша жұмыс жасауы тиіс, әрі сабақта нәтижелі әдістемелерді қолдану туралы ұсыныс айтты.

Екінші сұрақ бойынша мектеп директорының оқу және тәрбие ісінің меңгеруісі Нуралина А.Т педагогтардың өз білімін жетілдіру процессінде нормативті құжаттарды үнемі әрі үздіксіз қолдануы міндетті түрде екендігін атап, сонымен қатар, Ақмарал Турагаловна «педагогтардың ата-аналармен тығыз байланыста жұмыс жасап, кері байланыста болуы жоғары нәтиже көрсетеді» деді.

 Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ким Т.В «Өзін- өзі тану пәні мұғалімі мен пән мұғалімдерінің жалпы адами құндылықтарды сабақта және сабақтан тыс уақытта ұштастыра білуі» тақырыбында баяндама оқыды.

Мектеп тренері, орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Украинец Т.И «Жұмыста кері әсер етуші факторларға жол бермеу » тақырыбында педагогтарға тренинг өткізді.

 

 

 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст