11.10.2019
Қазан айының 9-нда Қазақстан кәсіподағының 95-жылдығына арналған Нұр-Сұлтан қаласында съезд жұмысы өз нәтижесіне жетті.Съезд жұмысының қортындысы Сарыарқа конференц-залында өтті. Келген қонақтар мен делегаттардың құрметіне Radisson қонақ үйінің Сарыарқа-1 ресторанында қабылдау кеші өтті. Бұл кеште Румыния,Болгария,Польша,Қырғызстан, Эстония,Оңтүстік Африка,Германия және тағы да басқа елдердің кәсіподақ ұйымы өкілдері Қазақстандық кәсіподаққа алғыс сөздер мен құттықтаулар айтты. Ақмола облысының делегация құрамында мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Доспаева Венера Нұрлыбекқызы қатысты.