09.10.2019
Бүгін Нұр-сұлтан қаласы,"Сарыарқа"конференция залында "Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы"ҚБ XIVсъезі өтіп жатыр. Бұл Халықаралық,Республикалық көлемде өткізіліп жатқан съезге шет мемлекеттердің кәсіподақ ұйымы төрағалары,Қазақстан білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымы төрағалары, делегаттары қатысты. Барлығы-157 қатысушы делегат. ҚР вице-министрі Каринова Шолпан Танатқызы "Педагог мәртебесі" заңнамасына тоқталып, қатысушыларды кісіподақтың 95-жылдығымен құттықтады. Конференция жұмысы жалғасуда.