27.09.2019
27 қыркүйек күні аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Аудан әкімі Балпан Мұрат Сағатұлы барлық қатысушылар мен көрермендерді мерекемен құттықтады. Тілдер күніне орай өткізілген байқаулар жеңімпаздарын,яғни, I орынға ие болған оқушылар мен педагогтарды,жас мамандарды,ұйым қызметкерлерін алғыс хаттармен марапаттады.Бұл мерекеде "Білім бөлімі "ММ әдіскерлері, "Жарқайың ауданы әкімінің аппараты" ММ өкілдері, ауыл және қала мектеп ұстаздары, оқушылар қатысты.