23.09.2019
Қазақстан халқы Тілдер күніне орай мектебімізде "Тіл-ұлттың жаны" атты фестиваль өткізілді. Фестиваль бағдарламасы бойынша әр сынып түрлі ұлттың салт-дәстүрлерін көрсетіп,әндері мен билерін орындады.Фестиваль мақсаты: "Рухани жаңғыру"бағдарламасы аясында ұлттар достығын дәріптеу,ҚР Тілдер туралы саясатын жүзеге асыру болды. Мектеп директоры Мукамажитова Күлжәмила Загыпаровна мерекемен салтанатты түрде барша қонақтар мен оқушыларды құттықтап, сөз сөйледі.Фестивальда ата-аналар белсене қатысты. Қонақтар қатарында "Айгөлек"балабақша директоры Оксукбаева Г.Е болды. Мерекелік фестиваль мағыналы көрмемен басталды, оқушылар ұлттардың тағамдары мен салт-дәстүрлері жайлы мемлекеттік тілде әңгімелеп берді.
Оқушылардың мәдени,руханидамуына,Мемлекеттік тілге деген құрметін тәрбиелеуде,бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруда үлкен үлес қосқаны үшін даярлық тобының және1-11 сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.