Текст
20.09.2019
Қыркүйек айының 19 күні Гастелло орта мектебінде "Тілдарын" аудандық байқауы өтті. Байқау шарты бойынша оқушылар қазақ,орыс,ағылшын тілдерінде Қазақстан мәдениеті,тарихи ұлы тұлғалар,өз автобиографиясы, полиглот бағыттарынан және түрлі тақырыптарда диалогтар құрып , ауызша тағы да бірнеше номинация бойынша тапсырмалар орындады. Мектебімізден қатысқан 11сынып оқушысы Громина Ангелина 2 орын,10сынып оқушысы Түгел Дастан 2 Орын,10сынып оқушысы Тоқтар Динара сертификатпен марапатталды. Оқушыларды байқауға жақсы деңгейде дайындағаны үшін жетекшілер мен тіл мамандарына алғыс білдіреміз.