Текст
16 қыркүйек күні аудандық «Білім бөлімі» ММ-де Біржан сал Қожағұлұлының 185 жылдығына арналған «Біржан сал- өңір мақтанышым» атты байқау өткізілді. Аталған байқауға аудан мектептерінен көптеген оқушылар белсене қатысты. 6 «Б» сынып оқушысы Әбікен Бейбарыс «Көркем сөз» жанры бойынша Біржан салдың үш өлеңін жатқа айтып, мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшілері:музыка пәні мұғалімі Ким Т.В және қазақ тілі пәні мұғалімі Акбасова М.Т.
5 «А» сынып оқушысы Әлиасқар Тілеуді «Эстрадалық вокал» жанры бойынша «Көкек» әнін шырқап, II орынға ие болды.
Жетекшілері: музыка пәні мұғалімі Жумабеков М.К және қазақ тілі пәні мұғалімі Нуралина А.Т.
Барлық жетекшілерге оқушыларды аудандық байқауға дайындағаны үшін алғыс білдіреміз.