Текст
Бүгінгі дүйсенбілік жиында Жарқайың ауданы Ішкі Істер полиция қызметкері, сержант Есенбеков Алиби Боріұлы жол жүру ережелін сақтау туралы оқушылармен ақпараттық сағат өткізді. Алиби Бөріұлы «Жолда жүргенде, жолдың оң жақ сызығымен жүруге, жаяу жүргінші жолда мұқиятты болуға және бағдаршамның белгілерін сақтауға» оқушыларға ақпарат берді..
Ата-аналарға балаларының бос уақытында жолдың үстінде ойнамауға және оларды қатаң қадағалауға , жол тәртібін сақтауға, кәмелетке толмаған оқушыларға транспортты жүргізген жағдайда ата-ананың заң түрінде айыппұл төлейтіні туралы ескертті. Оқушыларға арнайы ЖЖЕ сақтау туралы брошюралар үлестірілді.