02.09.2019
Жалпы республикалық "Адалдық сағаты" бастауыш сынып пен жоғары сынып оқушылары үшін өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына адалдық, әділдік,парасаттылық қасиеттерін тәрбиелеу.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы білім беру.
Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларға презентация дайындап, оқушылар сөзжұмбақтармен топтарда жұмыс жасады. Орта және жоғары сынып оқушылары үшін сабақ дөңгелек үстел түрінде ұйымдастырылды.Оқушылар сыбайлас жемқорлық -құқықбұзушылықтың ауыр түрі екенін атап өтті, заңға қатысты әлдебір қоғамдық нормаларды сақтауға және нығайтуға үлес қосуымыз міндет деген тұжырымға келді. Постерларда оқушылар құқықбұзушылықпен күресу жолдары туралы өз идеяларын жазып,қорғады.