Сәуір айында Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы" КММ ұйымдастыруымен, Жарқайың ауданының "Білім бөлімі"ММ жоспары бойынша жалпы білім беретін мектеп оқушыларының арасында зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың аудандық кезеңі өткізілді.Конкурстың негізгі мақсаты балалардың зерттеу қызметінің дағдыларындамыту, оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру болып табылады. Конкурсқа мектебімізден төрт оқушы қатысып, жүлжделі орындар иеленді. Мамедова Диана 3 "Б"сынып оқушысы 1-ші орын (Жетекшісі: Климова Л.В), Таңатқан Ақнұр 3 "А"сынып оқушысы 2-ші орын (Жетекшісі: Хамзина Ф.С), Ибраева Сабина 9 "А"сынып оқушысы 3-ші орын (Жетекшісі: Мурзабекова Г.З), Назымбек Даяна 6 "А"сынып оқушысы 3-ші орын иеленді. Оқушылардың ғылыми -зерттеу жұмысына қатысқан барлық оқушыларымызды және оқушыларды дайындаған жетекшілеріне алғыс жариялаймыз.