«Отбасы және мектеп, бір бағытты көзқарас» тақырыбында 9 «а» сыныбының ата-аналар жиналысы өтілді. Жиналыс мектептің тәрбие ісінің меңгерушісінің қатысуымен өтті.
Сынып жетекшісі Г.Мурзабекова оқушылардың жалпы оқу үлгерімі туралы әрбір балаға жеке тоқталып айтып өтті. Екінші сұрақ бойынша ата-аналарға қорытынды аттесттаттау туралы түсінік берілді. Үшінші мәселеде тәртіп, үйдегі, отбасындағы тәрбие туралы, жаман, зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстату, баланың бойындағы мазасыздықты қалай анықтау туралы ой-пікірлер айтылып, сұрақтар қойылып, талқыланды. Әрбір сұрақтың арасында сергіту сәті ұйымдастырылып отырды: «Мақалдың жалғасын тап», мұнда ата-аналар отбасы, ата, әке, ана, бала туралы мақалдардың жалғасын тапты. Жиналыс соңында ата-аналар бір-біріне жылы лебізін білдірді. Ол үшін ортадан жіп өткізіп, әрбір ана жіпті қолына бір орап, жылы тілегін айтып, келесі анаға беріп отырды. Осылайша, бір-бірінің қолын жалғастырған жіптің ата-ана, оқушы, мұғалім үштігінің байланысы, ынтымақтастығы, бір бағыттағы көзқарасының символы ретінде танып, сол жіптің үзіліп кетпеуі үшін бірге жұмыс жасауға ұмтыламыз деген жақсы бір нотада аяқталды.