"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі 2021-2022 оқу жылындағы қорытынды емтиханға дайындық туралы ақпарат

24.03.2022

Биылғы оқу жылында мектепте 9 «а» және 9 «б» сыныбында қорытынды емтихан тапсырушылар 13 оқушы. 1 оқушы дәрігерлік-консультативтік комиссия шешімімімен қорытынды емтихан тапсырудан босатылды.

Оқушыларды  қорытынды емтихан нысандарымен (міндетті пәндер/таңдау пәндері және өткізу түрі) таныстырылып, оқушылар таңдау пәндерін анықтады. Соған сәйкес қорытынды емтиханға дайындық кестесі құрылды.

2021-2022 оқу жылында қорытынды емтиханды өткізуге дайындық және ұйымдастыру туралы  төртінші педагогикалық кеңесте қаралды.

Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

        9  сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

      1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан:, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);

      2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

      3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;

      4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.

 

Просмотров: 183


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст