24.03.2019
21наурыз күні ауылымызда Наурыз мерекесі жоғары деңгейде өтті. Әр мекеме әр ұлттың тағамы мен музыкалық номер дайындауы керек еді. Соған орай, біздің мектебіміз "өзбек" ұлтының дәстүрлі тағамдары мен би, әнін орындады. Дастарханымызда домляма, манты, самса, палау тағамдары мен қатар қазақ халқының дәстүрлі тағамдары да болды: бешбармақ, ет,сүт, шелпек нан, қаймақ, айран, Наурыз көже. Мерекеге орай ,белсене араласып жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін мектеп басшысы мен ұжымға үлкен алғыс айтамыз. Ауыл әкімі Хамзин К.И барлық мекемелер қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғысын айтты.