"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

26.02.2019

25 ақпан күні тәрбие меңгерушісі Жунусова М.Ш. Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге 7-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Елбасының мақаласын талқылап, өз ойларын ортаға салды.   Елбасының бұл мақаласы былтырғы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы екі бөлімнен тұрады. Алғашқысы «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» деп аталады. Мақаланың аты айтып тұрғандай, негізгі бөлім ұлы даланың жеті қырын айқындап береді. Оның ішінде жеті қазынамыздың бірі жылқыға ерекше мән беріліп отыр. Ұлы дала халқы металл өндіру мен терең тарихымен мақтана алады. Сондай-ақ, Түркі әлемінің бесігі болып, Еуропа мен Азияны жалғаған Қазақстан Ұлы Жібек жолын жаңғыртуды да көздеп отыр. Қазақ даласының сулы, нулы табиғаты да елеусіз қалмады. Ал, мақаланың екінші бөлімі алдағы уақытқа бағыт-бағдар береді. Елбасы төл тарихымызды бағалап, жаңғыртуға арналған нақты 6 тапсырма жүктеді. Оның ішінде «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау, Түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу сынды тарихи, әрі маңызды міндеттер бар. Дөңгелек үстел барысында мектептің тарихшы мұғалімі Мухамажитов А.З. мақала туралы қорытынды жасап балалардың мақала туралы түсініктерін нығайтты.  

 

Просмотров: 362


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст