Ағымдағы жылдың, яғни 2021-2022 оқу жылының 10-22 ақпан аралығында екі этаптан тұратын «Табиғат- тіршілік көзі» облыстық экологиялық олимпиада өткізілді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты: Туған өлкенің экологиялық проблемаларына тоқталу,сонымен қатар оқушыларды қызықтыратын( ауданэкологиясы, адам экологиясы және ақпараттық, табиғат экологиясы) мәселелер туралы зерттеп, ақпаратпен бөлісу.
Экологиялық олимпиада екі кезеңде ұйымдастырылды:
1. I тур – тестілеу;
II тур- жобаларды қорғау;
Бұл іс-шараға Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты –Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Биология- химия пәні мұғалімі Нұрмаканова С.Т. жетекшілік етуімен, 6 «А» сынып оқушысы Назымбек Даяна қатысып «Экологиялық қоңырау» номинациясы бойынша «Адам экологиясы» тақырыбында өз жобасын қорғап шықты. Аудандық тур бойынша жүлделі 1-орын алып, облыстық жолдамаға ие болды. 22-25 аралығында өткізілген облыстық кезеңге қатысып сертификатқа ие болды.