«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін орта мектебі» КММ де 22 желтоқсан күні математика-жаратылыстану және гуманитарлық пәндер бағытында аудандық семинар өткізілді. «Оқыту үдерісінде оқушылардың ішкі уәжін арттыру» тақырыбында өткен семинарда қазақ тілі пәнінен 6 «а» сыныбында «Д.А.Қонаев» (Мұғалім: Жунусова М.Ш), физика пәнінен 8 «а» сыныбында «Электр өрісі, электр өрісінің кернеулігі тақырыбына есептер шығару» (Мұғалім: Мурзабекова Г.З), ағылшын тілі пәнінен 2 «б» сыныбында «Rooms in the house» (Громина В.А), география пәнінен 7 «б» сыныбында «Проблемы Мирового океана»(Дерманская И.В ) тақырыптарда ашық сабақтар өткізілді.
Сонымен қатар, «Тарих сабағындағы кейбір тиімді әдістерді қолдану» (Мухамажитов А.З) тақырыбында және «Новые подходы в обучении биологии»(Аяпбергенова А.А) биология пәнінен Шебер-сыныптар көрсетілді. Семинарды бастауыш сынып мұғалімі Ануаров Ш. «Көк тудың желбірегені» атты сыныптан тыс іс-шарамен қорытындылады. Семинарға аудандық білім бөлімінің әдіскерлері ой-пікірлерін білдірді, аудан мұғалімдері онлайн түрде қатысты.
Мектеп ұжымы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап көрме ұйымдастырды.