Текст
Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған. PISA зерттеуі 2000жылдан басталып, үш жылдық кезеңмен өткізіледі. PISA бағдарламасы қазіргі таңда әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр. 24 қараша күні мектебіміздің 9-10 сынып оқушылары қатысып, білім, білік, дағдыларын көрсетті.