Текст
27 қазан күні Тіл білімі бойынша республикалық лингвистика олимпиаданың аудандық кезеңі онлайн режимінде өтті. Іс-шараға қатысушы 8 б сынып оқушысы Коляденко Яна "Дарын" РҒПО ұсынған үш тапсырманы орындады. Олимпиаданың іріктеу кезеңінің мақсаты - қолданбалы филология пәнін оқуға оқушылардың қызығушылығын ынталандыру, білім беруді дамыту, ғылыми білімді насихаттау, халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысу үшін олимпиада резервін құру. Олимпиада қорытындысы бойынша Яна қатысқаны үшін АББ грамотасымен марапатталды. Мектеп әкімшілігі атынан орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т. И. Украинға алғыс білдіреміз.