Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері жалпы білім беру мекемелері білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін және танымдық қызметке қызығушылығын анықтау және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми білімді насихаттау болып табылады. Олимпиада үш кезеңде өткізіледі.
1кезең–мектепішілік;
2кезең–аудандық/қалалық
3кезең–облыстық, республикалық олимпиадаға теңестірілген.
Олимпиаданың барлық кезеңдеріне арналған тапсырмаларды «Дарын» РҒПО әзірлейді және бекітеді. Бүгін олимпиада барлық білім ұйымдарында өткізілді. Осы олимпиадаға мектебімізден 14 оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңнің қорытындысы бойынша Құрманғали Марьям 5 «А» сынып оқушысы орыс тілі пәнінен 1орын, жетекшісі Есенгазы Э.К; Ажигов Дамир 5 «Б» сынып оқушысы орыс тілі пәнінен 2 орын,жетекшісі Украинец Т.И; Жақұп Самал 6 «А» сынып оқушысы тарих пәнінен 3орын, жетекшісі Мухамажитов А.З; Ерханова Азиза 6 «А»сынып оқушысы 3 орын қазақ тілі пәнінен, жетекшісі Жунусова М.Ш иеленді. Аталған оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды. Олимиадаға қатысқан барлық оқушылар мен жетекшілеріне мектеп әкімшілігі атынан алғыс айтамыз.