Текст
28 қыркүйек күні «Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ мұғалімдер күні мерекесіне орай, мұғалімдер арасында волейболдан 4 аумақ бойынша жарыс ұйымдастырған болатын. Уәлихан орта мектебінде ұйымдастырылған жарысқа Тасты-Талды мектебі ұжымының командасы да қатысып жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты. Әр аумақтан жеңген командалар финалға жолдама алып, 30 қыркүйек күні А.Үкібаев орта мектебінде сайысқа түсетін болады.