Текст
Жарқайың аудандық Тілдерді дамыту орталығы ұйымдастырған Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесінің жабылу іс-шарасына "Тасты-Талды ауылының ЖОББ мектебі" КММ бастауыш сынып мұғалімі Есенгазина Ляззат Шукировна қонақ ретінде арнайы шақырылды. Марапаттау рәсімінде: облыстық ақын -жазушылары арасында өткізілген байқауға қатысқаны үшін Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының алғыс хатымен және арнайы Сулпак техникалық дүкенінің 15 мыңдық сертификатымен Есенгазина Ляззат Шукировна марапатталды. Осындай педагогтың біздің мектебімізде еңбек еткеніне, жас ұрпақты тәрбиелеуіне аянбай қызмет жасап жүргенін мақтан тұтамыз! Құрметке лайық педагог -жас ұрпаққа үлкен үлгі.