23.09.2026
«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі» ММ басшысының 2026 жылғы 22 қыркүйектегі № 106 бұйрығымен «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ директоры лауазымына Есенгазина Ляззат Шукировна тағайындалды.
Ляззат Шукировна – білім беру саласында 29 жылдан астам еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші. Еңбек жолын «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де бастауыш сынып мұғалімі болып бастап, осы білім ордасында педагогикалық және ұйымдастырушылық қызметтер атқарды. Бастауыш сынып мұғалімі ретінде баланың білім әлеміне бастар алғашқы жолы болса, сол жолдың бағыт-бағдарын айқындайтын директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметінде еңбек етіп, тәрбие үдерісін ұйымдастыру, шығармашылық сапаны арттыру, мектептегі тәрбиенің тұтастығын қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыс жүргізді.
Есенгазина Ляззат Шукировнаны жаңа қызметімен құттықтаймыз! Жауапты қызметіне табыс, ұжымға нәтижелі басшылық, жаңа бастамалар мен білім сапасын арттыру жолында толағай жетістіктер тілейміз!