05.09.2026
5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні және ұлт ұстазы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде «Тіл – алтын қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің тарихы мен маңызын кеңінен насихаттау, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен мол мұрасын таныстыру.Көрме барысында оқушылар қазақ тілінің қадір-қасиеті, тарихы мен рухани құндылығы туралы мағлұмат алып, Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен және қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының шығармаларымен танысты.Оқушылар көрмеге қойылған кітаптарды қызығушылықпен қарап, өздеріне ұнаған шығармаларды оқып, қаламгерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды.Осындай тағылымды шаралар жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ана тіліне, ұлттық әдебиет пен рухани мұраға деген құрметін қалыптастыруға ықпал етеді.
Тіл – ұлттың жаны, халықтың рухани қазынасы!