"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Білім беру ұйымының 2026–2027 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары»

31.08.2026

2026 жылғы 31 тамызда «Тасты-Талды ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Білім беру ұйымының 2026–2027 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Педагогикалық кеңес барысында жаңа оқу жылындағы білім беру үдерісін ұйымдастыруға және мектеп қызметінің негізгі бағыттарына қатысты маңызды мәселелер қарастырылды.

Күн тәртібіне сәйкес педагогикалық ұжым 2026–2027 оқу жылының басталуы туралы бұйрықпен таныстырылды. Сонымен қатар 2025–2026 оқу жылындағы педагогикалық ұжым қызметінің қорытындыларына талдау жасалып, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы кезеңде назар аударуды қажет ететін бағыттар сараланды.

Кеңес барысында 2026–2027 оқу жылына арналған білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары айқындалды. Педагогикалық кеңестерді өткізу жоспары, жұмыс оқу жоспары (ЖОЖ), педагогтердің жаңа оқу жылына арналған оқу жүктемесі бекітіліп, білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыруға байланысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттер белгіленіп, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ білім алушылардың сапалы білім алуы мен жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау алдағы жұмыстың басты бағыттары ретінде айқындалды.

Жаңа оқу жылында педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс, кәсіби жетістік және нәтижелі еңбек тілейміз!

Просмотров: 43


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст