Текст
25.06.2026
Мектеп жанындағы жазғы алаңда «Этноауыл» екінші маусымы өз жұмысын жалғастыруда. Балалар үшін қазақ халқының ұлттық дәстүрлері мен мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған танымдық, шығармашылық және спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Жазғы алаң қатысушылары түрлі сайыстарға, ұлттық ойындарға, викториналар мен шеберлік сабақтарына белсене қатысуда. Әр күн қызықты оқиғаларға, жаңа әсерлерге және көтеріңкі көңіл-күйге толы. Балалар бос уақыттарын тиімді өткізіп қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамытып, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауда.
Мектеп жанындағы жазғы алаңның жұмысы оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға және олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.