19.05.2026
«Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ жанындағы «Айгөлек» шағын орталығында «Смешарики» тобы тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілердің мектепке дайындығы, психологиялық бейімделуі және алдағы оқу кезеңіне байланысты ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында мектеп директоры Мукамажитова К.З. сөз сөйлеп, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар балалардың мектеп өміріне сәтті бейімделуі үшін ата-аналардың қолдауы мен бірлескен жұмысының ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Тәрбиеші Жилякова Л.В. жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, тәрбиеленушілердің жетістіктері мен мектепке даярлық деңгейі туралы ақпарат берді. Балалардың танымдық қабілеттері, қарым-қатынас мәдениеті және оқу әрекетіне қызығушылығы жайлы айтылды.
Мектеп психологі Аяпбергенова А.А. балалардың психологиялық дайындығы, жаңа ортаға бейімделуі және оқу процесіндегі эмоционалдық қолдау жөнінде ата-аналарға пайдалы кеңестер берді. Сонымен қатар мектепке дейінгі кезеңнен бастауыш сыныпқа өтудің ерекшеліктері түсіндірілді.
Кездесу соңында ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандар тарапынан қажетті жауаптар алды. Ата-аналарға балаларды тәрбиелеу мен дамытудағы қолдауы, ынтымақтастығы және белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірілді.