16.04.2026
Бүгінгі педагогикалық кеңесте мектеп директоры Мукамажитова К.З. «Білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және 2026–2027 оқу жылына сапалы дайындық мәселелері» туралы айтты. Педагогикалық кеңесте білім беру үдерісін тиімді ұйымдастыру және 2026–2027 оқу жылына сапалы дайындық мәселелері жан-жақты қарастырылды. Кеңес барысында оқу жоспарларын жетілдіру, білім сапасын арттыру, әдістемелік қызметті жүйелеу және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту бағыттары талқыланды. Сонымен қатар кадрлық қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылып, пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі мен бос жұмыс орындарының болуы өзекті мәселе ретінде белгіленді. Оқушылар санының азаюына байланысты сыныптарды біріктіру қажеттілігі қарастырылып, білім алушылардың сапалы білім алуына кері әсерін тигізбеу жолдары ұсынылды. Кеңес қорытындысы бойынша аталған мәселелерді шешу бағытында нақты ұсыныстар қабылданып, жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар жүктелді.