26.03.2026
2026 жылғы 26 наурызда «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де директор жанындағы кеңес өтті. Кеңес барысында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті мәселелері қарастырылып, күн тәртібіндегі әрбір сұрақ бойынша жауапты педагогтар есеп берді.
Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі және сыныптардың қоғамдық іс-шараларға қатысу белсенділігі туралы АӘД пәні мұғалімі Мырзагали Ж.Ш. баяндады. Мектеп кітапханасының оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер қорын жаңарту жұмысы жөнінде кітапханашы Жылкыбаева З.О. ақпарат берді.Кәсіби бағдар беру бағытындағы бірлескен жұмыс педагог-психолог Конкулова К.Р. және кітапханашы Жылкыбаева З.О. тарапынан ұсынылды. Сынып жетекшілерінің ата-аналармен жүргізетін жұмыстары сынып жетекшілер мен педагог-психологтың қатысуымен қарастырылды.
Мектепішілік бақылау нәтижелері бойынша пәндердің оқытылу сапасы, үй тапсырмаларының нормасының сақталуы туралы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Л.В. және педагог-психолог Конкулова К.Р. баяндады.
Дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс пән мұғалімдері тарапынан қарастырылды. Мектептегі спорттық-бұқаралық жұмыстардың жағдайы туралы дене шынықтыру пәні мұғалімдері Аргимбеков Е.З., Сергеева Л., Кобегенов Ж. мәлімет берді.Кеңес қорытындысы бойынша білім беру сапасын арттыруға және тәрбие жұмысының тиімділігін күшейтуге бағытталған тиісті ұсынымдар берілді.