27.03.2026
2026 жылғы 27 наурыз күні «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Білім сапасы – үздік мектеп болу кепілі» тақырыбында №4 педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңес барысында білім беру үдерісіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Бірінші мәселе бойынша «III тоқсан бойынша үлгерім мен білім сапасының талдауы» тақырыбында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Л.В. баяндама жасады. Баяндамада 2025–2026 оқу жылының III тоқсаны бойынша білім сапасына талдау жасалып, көрсеткіштердің оң динамикасы және педагогтердің білім сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысы атап өтілді.
Сонымен қатар осы мәселе аясында педагогтердің оқу-әдістемелік кешендері ұсынылды. Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Украинец Т.И. «Функционалдық сауаттылық: орыс тілі бойынша тапсырмалар мен жауаптар жинағы» тақырыбында өз жұмысын қорғап, тақырыптың өзектілігін негіздеді, мақсат-міндеттерін айқындап, оқушылардың мәтінмен жұмыс істеу, ақпаратты талдау және білімді өмірде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық маңыздылығын көрсетті.
Бастауыш сынып мұғалімі Хамзина Ф.С. «Бастауыш сыныптарға арналған логикалық тапсырмалар» тақырыбында оқу-әдістемелік кешенін қорғады. Өз сөзінде педагог логикалық тапсырмалардың бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамытудағы, танымдық белсенділігін арттырудағы, талдау және шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырудағы маңызын атап өтті. Ұсынылған материалдардың оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға ықпал ететіні көрсетілді.