"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

12.03.2026

Шағын -орталық және мектепалды сынып педагогтерімен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктерді ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар туралы түсіндіру жұмысы жүргізілді. Кездесу барысында педагогтерге мерекелік іс-шараларды ұйымдастырудың негізгі талаптары мен ұсынымдары таныстырылды. Атап айтқанда, іс-шараларды өткізу кезінде балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, тәрбиелік бағытты сақтау, ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар музыкалық репертуарды дұрыс таңдау, би және шығармашылық нөмірлердің мазмұны, балалардың қауіпсіздігі мен эмоционалдық жай-күйін сақтау талаптары түсіндірілді. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келмейтін заманауи той әндерін және ересектерге арналған би элементтерін қолдануға жол берілмейтіні ескертілді. Әдістемелік ұсынымдар педагогтер тарапынан назарға алынып, жұмыс барысында басшылыққа алынатын болды.

Просмотров: 26


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст