"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аттестация педагогтарының ашық сабақтар арқылы» аудандық семинар

24.02.2026

Бүгін , «Тасты-Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де 
«Ашық сабақ аясындағы аттестация: тәжірибе және кәсіби даму» тақырыбында аудандық семинар өтті.
Семинардың мақсаты – аттестаттау үдерісі аясында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көрсету, педагогикалық тәжірибе алмасу және оқыту сапасын арттыру.
Семинар бағдарламасына сәйкес ашық сабақтарды:
қазақ және орыс тілінде оқытатын бастауыш сынып мұғалімдері Хамзина Ф.С. және Карначева Е.Н.;
орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Украинец Т.И. және Громина Н.И.;
биология пәнінің мұғалімі Аяпбергенова А.А.;
тарих пәнінің мұғалімі Кызыров А.М. өткізді.
Педагог-психолог Конкулова К.Р. ақылды айна құрылғысымен жұмыс жасау бойынша «Ғажайып айнаның қонақтары»   шеберлік сабағын өткізіп, білім алушыларды психологиялық қолдаудың заманауи тәсілдерін көрсетті.
«Державин қаласының  Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ   бастауыш сынып мұғалімі Байдилдина А.М.   «Тәлімгерлік – кәсіптік қалыптасу  мен  дамудың негізі » тақырыбында коучинг өткізіп, жас педагогтерді кәсіби қолдау және тәлімгерлік мәдениетті дамыту мәселелерін қарастырды.
Сабақ барысында педагогтер оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, онлайн жаттығуларды, цифрлық білім беру ресурстарын және тапсырмалар әзірлеуде жасанды интеллект элементтерін тиімді қолданды. Білім алушылар белсенділік танытып, жеке және топтық жұмыстар орындады, өз пікірлерін білдірді, тақтада жұмыс жасап, тапсырмаларды өз бетімен орындады.
Ашық сабақтарға аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Нурпеисова Г.К., әдістемелік кабинет меңгерушісі Исаева Г.Ж., куратор Хасенова А.К және аудан мектептерінен келген қонақтар қатысып, жан-жақты баға берді. Өз кезегінде сабақ өткізген пән мұғалімдері  сабақтарына өзіндік талдау жасап, сабақтың құрылымы, қолданылған әдіс-тәсілдер, оқушылардың белсенділігі мен кері байланыс беру жолдары бойынша күтілетін нәтижеге қол жеткізгендерін айтып өтті. Аудандық ББ әдіскерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, құнды ұсыныстарын ұсынды. Әдіскерлер тарапынан берілген кәсіби кеңестер алдағы жұмысты жетілдіруге, оқыту сапасын арттыруға бағытталған маңызды қолдау болды.

Просмотров: 11

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст