"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жас мұғалім – кәсіби жетістікке жасалған сенімді қадам

19.02.2026

Мектебіміздің жас математика пәні мұғалімі Сапабек Максат Кенесарыұлы «Жаңа мектепке – заманауи мұғалім» атты кәсіби байқауға қатысып, өз шеберлігін көрсетті. Аталған байқау шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді анықтауға, заманауи оқыту әдістерін насихаттауға және озық педагогикалық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Байқау барысында қатысушылар ашық сабақтар өткізіп, әдістемелік жұмыстарын ұсынып, заманауи білім беру технологияларын меңгергендерін дәлелдеді. Сапабек Максат Кенесарыұлы мектебіміздің намысын лайықты қорғап, жоғары кәсіби дайындық деңгейін, оқытудағы шығармашылық көзқарасын және оқушыларды пәнге қызықтыра білу шеберлігін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша ол жүлделі III орынға ие болды. Бұл – жас маманның кәсіби өсуінің айқын дәлелі.

Сапабек Максат Кенесарыұлын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз!

Просмотров: 14


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст