"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Ясауи мұрасын дәріптеген аудандық байқау»

06.02.2026

Жалпы орта білім беретін мектептердің 6–11 сынып оқушылары арасында Республикалық «Ясауитану» байқауының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, табысты өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұрасымен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, оқушылардың тарихи-танымдық білімін кеңейту және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Аталған байқауға мектебіміздің 6–7 сынып оқушылары белсене қатысып, Қожа Ахмет Ясауидің хикметтерін жатқа, мәнерлеп оқып, қойылған сұрақтарға нақты әрі мазмұнды жауаптар берді. Оқушылардың дайындық деңгейі, рухани танымы мен сөйлеу мәдениеті қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.

Жарыс қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды:

  • Төребек Айзере – ІІ орын

  • Таңатқан Ақнұр – ІІ орын

  • Уркумбаева Камила – ІІІ орын

Оқушыларды байқауға дайындап, бағыт-бағдар берген жетекшісі – Нуралина А.Т.

Жүлдегер оқушыларымызды және жетекшісін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс, биік жетістіктер мен толағай жеңістер тілейміз. Осындай рухани-танымдық байқаулар жас ұрпақтың ұлттық санасын қалыптастырып, рухани дамуына зор үлес қосады.

Просмотров: 102


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст