"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ел тарихы – ұрпақ мұрасы»: тарих онкүндігі аясындағы «Тарих сахнасы» танымдық іс-шарасы

15.01.2026

Мектебімізде оқушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ел тарихы – ұрпақ мұрасы» тақырыбында тарих пәні онкүндігі өткізілуде. Онкүндік аясында мазмұнды, тәрбиелік мәні зор және заманауи форматта ұйымдастырылған түрлі іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Аталған онкүндік жоспарына сәйкес 13 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Қызыров А.М.-ның ұйымдастыруымен «Тарих сахнасы» тақырыбында танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тарихи оқиғаларды терең түсінуіне жағдай жасау, тарихи ойлау қабілетін дамыту, логикалық ойлау мен өз пікірін дәлелдей білу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ білім алушылардың ой-өрісін кеңейту.

Іс-шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, Қазақстан тарихы мен дүниежүзі тарихы бойынша әртүрлі тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Топтық жұмыс барысында оқушылар өзара пікір алмасып, бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап, тарихи деректерді талдауға үйренді. Бұл оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруға және ұжымда жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.

Сонымен қатар, заманауи білім беру технологияларын қолдану мақсатында жасанды интеллект көмегімен әзірленген «Киіз үй» ойыны ұйымдастырылды. Ұлттық мәдениет элементтері қамтылған бұл ойын оқушылардың қызығушылығын арттырып, тарихи білімді ойын арқылы бекітуге мүмкіндік берді. Оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар ынталандыру мақсатында марапатталып, тәттілер таратылды. «Тарих сахнасы» танымдық іс-шарасы оқушылардың тарихи білімін тереңдетіп қана қоймай, ұлттық рухты нығайтуға, тарих пәніне деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етті.

Просмотров: 29


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст