"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Директор жанындағы

29.12.2025

Мектепте директор жанындағы кеңес өткізілді. Кеңес барысында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша өзекті мәселелер қаралды. Күн тәртібіне сәйкес психологтар Аяпбергенова А.А. мен Конкулова К.Р. оқушылардың танымдық белсенділік деңгейіне түрлі оқу мүмкіндіктерін ескере отырып талдау жасап, оқу мотивациясын арттыру жолдары бойынша түсіндірме берді. Сондай-ақ педагогтердің аттестаттаудан өтуге дайындығы мәселесі қаралып, негізгі талаптар мен алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Оқу ісінің меңгерушілері Мурзабекова Г.З. мен Оспанова Л.В. білім алушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстың жай-күйіне талдау жасап, мектеп, ата-ана және әлеуметтік серіктестер арасындағы жүйелі өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Тәрбие ісінің меңгерушілері Нурмаканова С.Т. мен Есенгазина Л.Ш. қысқы демалыс кезеңінде жоспарланған тәрбиелік және бос уақытты тиімді ұйымдастыру шаралары туралы ақпарат ұсынды. Дене шынықтыру пәні мұғалімдері дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстың жай-күйін қарастырып, спорт секцияларының қызметіне талдау жасап, оларды одан әрі дамыту жолдарын белгіледі. АӘД пәнінің мұғалімі Мырзагали Ж.Ш. білім алушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі, олардың қоғамдық және патриоттық іс-шараларға қатысуы мәселелеріне тоқталды. Кітапханашы Жылқыбаева З.О. оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер қорын жаңарту бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Кеңес барысында барлық мәселелер бойынша қатысушылар мазмұнды баяндамалар жасап, нақты түсіндірмелер берді, тиісті ұсынымдар айтылып, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды. Кеңес іскерлік әрі сындарлы жағдайда өтіп, мектептегі білім беру мен тәрбие жұмысының сапасын арттыруға бағытталды.

Просмотров: 16


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст