17.10.2025
«Тасты-Талды ауылының ЖОББМ» КММ «Ұлттық диктант» жалпы республикалық мәдени-ағартушылық жобасы 17 қазан 2025 жыл, сағат 10: 00-де ұйымдастырылды. Мақсаты: Мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, жазу мәдениетін жетілдіру, ұлттық бірегейлікті және тілге деген құрметті арттыру.
Биылғы диктант мәтіні Ахмет Байтұрсынұлының 1913 жылы «Қазақ» газетінде жарияланған «Оқу жайы» мақаласынан үзінді алынды. Екінші тіл ретінде “ Отан” тақырыбында диктант алынды.
Бұл жоба – азаматтардың жазу сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған жалпы республикалық мәдени-ағартушылық бастама болып табылады. Қатысушылар саны: 8 “Б” сыныбы – 5 оқушы, 9 «А , Б” сыныбы – 13 оқушы, 10 «А, Б” сыныбы – 5 оқушы, 11 «Б”сыныбы – 2 оқушы. Қызметкерлер (жазбаша түрде) – 5 педагог қатысты. Барлығы: 30 қатысушы
Нәтиже: Диктант барысында қатысушылар мемлекеттік тілде сауатты жазу, пунктуация мен орфографиялық нормаларды сақтау бойынша өз білімдерін көрсетті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, қатысушылар белсенділік танытты