26.09.2025
2025 жылғы 26 қыркүйек күні біздің ұжымда Еңбек күніне орай мазмұнды да көңілді мерекелік шара ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның басты мақсаты – еңбек адамын ұлықтау, қызметкерлердің адал еңбегін бағалау, ұжымдағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты арттыру болды.
Іс-шараны өткізуге Кәсіподақ ұйымының төрайымы Есенгазина Л.Ш. ерекше белсенділік танытып, мерекенің жоғары деңгейде өтуіне зор үлес қосты. Ол әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, барша ұжымды Еңбек күнімен шын жүректен құттықтады. Сонымен қатар, адал еңбектері мен кәсіби шеберліктері үшін алғысын жеткізді.
Мерекелік шара барысында қатысушылар үш топқа бөлініп, түрлі сайыс кезеңдерінде бақ сынасты. Әр топ өздерінің ұйымшылдығы мен тапқырлығын, бір-біріне деген қолдауын көрсете білді. Бұл ойындар мен сайыстар ұжым мүшелерінің бір-біріне деген сенімін арттырып, көңілді әрі есте қаларлық сәттер сыйлады.
Аталған шара әріптестердің кәсіби еңбегін дәріптеп қана қоймай, ұжымда жағымды ахуал орнатуға, өзара сыйластық пен ынтымақты нығайтуға септігін тигізді. Мерекелік күннің соңында барша қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарасып, еңбекке деген жаңа серпін алды.