"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектебіміз – аудандық байқауда І орын иегері!

16.09.2025

Қазақстан Республикасының Тілдері күні мерекесі қарсаңында Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі ұйымдастырған “Абайдың үні – халықтың үні” атты қойылымдық сайыс өтті. Бұл тағылымы мол мәдени шараға аудан мектептерінің ұжымдары қатысып, ұлы ақын мұрасын жаңғыртуға өз үлестерін қосты.

Сайыс барысында әрбір мектеп ұжымы М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы мен ақын шығармашылығынан сахналық көріністер қойып, өнер көрсетіп, өздерінің талантын, шығармашылық ізденісін ортаға салды.

Біздің мектептің ұстаздары М. Әуезовтың “Абай жолы” романынан дайындалған екі бөлімді сахналық қойылымды жоғары деңгейде орындап, әділ қазылардың және көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Жоғары шеберліктің, актерлік қабілеттің, сахналық мәдениеттің арқасында мектеп ұжымы жүлделі І орынға ие болды!

Бұл жетістік – ұжымдық еңбектің, бірліктің, шығармашылық шабыттың нәтижесі. Әріптестерімізге алғыс айта отырып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Сонымен қатар, осындай мазмұнды, тағылымы терең сайыс ұйымдастырған Жарқайың ауданының білім бөлімі әдіскерлеріне шынайы ризашылығымызды білдіреміз. Оларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст