Тасты-Талды ауылының ЖОББМ» КММ 7 «А» сыныбында «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында мазмұнды сынып сағаты өткізілді. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, туған жердің тарихына, мәдениетіне және болашағына деген жауапкершілікті арттыру болды.
Сынып сағаты барысында интербелсенді тақта арқылы оқушыларға түрлі мазмұнды сұрақтар қойылып, ойландыратын жағдаяттар ұсынылды. Талқылау кезінде оқушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, Қазақстанға деген патриоттық сезімдерін әртүрлі қырынан жеткізе білді. Олар өз Отанының тәуелсіздігін, бейбітшілігін, бірлігін ерекше бағалайтынын айтып, еліміздің болашағына өз үлестерін қосуға дайын екендіктерін көрсетті.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның рәміздері, тәуелсіздіктің қадірі, қазақ халқының тарихы мен дәстүрлері туралы ой бөлісті. Сонымен қатар, ел дамуына үлес қосқан ұлы тұлғалардың өнегелі істеріне тоқталып, қазіргі замандағы жастардың ел алдындағы міндеттері жайлы пікір алмасты.
Бұл сынып сағаты оқушыларға терең ой салып қана қоймай, оларды белсенді азаматтық ұстанымға жетеледі. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімдерді нығайтуға, өз елінің шынайы жанашыры болуға тәрбиелеуге зор ықпал етеді.
Сынып жетекшісі: Нұрмаканова С. Т.