25.06.2025
Мақтанышпен хабарлаймыз: Мардаков Дияр, Тасты-Талды ауылының "Жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің 8 "Б" сынып оқушысы, "Айқанат" олимпиадасының Республикалық кезеңінде өз мектебін және Жарқайың ауданын абыроймен таныстырып, жоғары білім деңгейін, табандылығы мен қажырлы еңбегін көрсетті.
Зияткерлік жарыстың нәтижесінде Дияр Гран-при иегері атанып, өз дарыны мен мықты дайындық деңгейін дәлелдеді!
Бұл жеңіс – тек оқушының жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар бүкіл мектептің, ұстаздардың, тәлімгерлер мен ата-аналардың ортақ жеңісі. Біз Диярмен шын жүректен мақтанамыз және оған алдағы уақытта да жеңістер, шабыт, жаңа жетістіктер мен ғылым шыңдарын бағындыруды тілейміз!
Бұл жарқын жетістік болашақ табыстарға бастар үлкен жолдың бастауы болсын!
Құттықтаймыз! Біз сенімен мақтанамыз, Дияр!