"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты

20.06.2025

Бүгін «Тасты-Талды ауылындағы жалпы  орта білім беретін мектеп» КММ-де 11-сынып түлектеріне аттестат тапсыру салтанаты өтті. Бұл маңызды оқиға мерекелік әрі жылы атмосферада өтті.

Түлектерге ізгі тілектерін білдіріп, мектеп директоры Мухамажитова Күлжамила Загпарқызы құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары мен түлектердің ата-аналары да жылы лебіздерін жеткізді.

Шараның құрметті қонағы — аудандық білім бөлімінің әдіскері Газез Әсел Зейнолдақызы болды. Ол оқушыларды мектеп бітіруімен құттықтап, болашақ жолдарына сәттілік тіледі.

Әрбір түлек өз аттестатын алды — бұл көп жылдық еңбектің, талпыныстың және жетістіктің нәтижесі. Бұл күн — жаңа, ересек өмірдің бастауы ретінде есте қалары сөзсіз.

Құрметті түлектер, жолдарыңыз болсын! Армандарыңыз орындалсын, өмірлеріңіз жарқын болсын!

Просмотров: 32


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст