13.06.2025
2025 жылғы 13 маусым — 9-сынып бітірушілеріне аттестат тапсыру күні! 🎓
Бүгін, 2025 жылғы 13 маусымда, мектебімізде 9 «А» және 9 «Б» сыныптарының оқушыларына салтанатты түрде негізгі орта білім туралы аттестаттар табысталды.
Бұл күн – ерекше толқыныс пен қуанышқа толы сәттердің бірі болды. Оқушылардың көздерінде үміт пен сенім, ата-аналардың жүзінде мақтаныш пен тебіреніс, ұстаздардың жүрегінде қуаныш пен қимастық сезімі орын алды. Бүгінгі күн — балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге алғашқы қадам басқан күн.
✨ Салтанатты жиын жылы шырайлы, мерекелік көңіл күйде өтті. Сынып жетекшілері, ұстаздар, мектеп әкімшілігі мен ата-аналар бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы өмір жолында сәттілік, үлкен жетістіктер мен жарқын болашақ тіледі.
Қымбатты түлектер!
Сіздермен мақтанамыз! Бүгін сіздер алғашқы үлкен белесті бағындырдыңыздар. Алда сіздерді жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ күтіп тұр. Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын! Қай жерде болсаңыз да, мектебіңіз сіздер үшін әрдайым жылы ұя, туған шаңырақ болып қала береді.
💐 2025 жылғы 9 сыныпты бітіруші түлектер мен олардың ата-аналарын осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймыз! Жолдарыңыз ашық, болашақтарыңыз жарқын болсын!