"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«2024–2025 оқу жылының қорытындысы және жазғы кезеңге жоспарлау»

28.05.2025

2025 жылғы 27 мамыр күні мектепте №5 педагогикалық кеңес өтті. Кеңес жұмысына оқу ісі жөніндегі меңгерушілер Мурзабекова Г.З. мен Оспанова Л.В., тәрбие ісі жөніндегі меңгерушілер Есенгазина Л.Ш. мен Нурмаканова С.Т., сондай-ақ сынып жетекшілері қатысты. Педагогикалық кеңесте 2024–2025 оқу жылының қорытындылары қаралды. Жиын барысында мектеп жұмысының жылдық талдауы жүргізіліп, оқу-тәрбие жұмысы бойынша есептер тыңдалды, педагогтер мен басшылардың аттестациясының нәтижелері шығарылды. Мектеп пен ата-ана және оқушы арасындағы байланыс жолдары талқыланып, ынтымақтастықты нығайту бағыттары белгіленді. Сонымен қатар, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралды: жазғы іс-шаралар жоспары ұсынылып, жауапты қызметкерлер анықталды. Барлық жоспарланған мәселелер қаралып, 2025–2026 оқу жылына дайындық бойынша ұсыныстар берілді. Педагогикалық кеңес конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.
 

Просмотров: 17


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст