2024 жылғы 23 мамыр күні мектебімізде 2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай «Ақ жол саған, Жас түлек!» атты салтанатты жиын өтті. Бұл — шәкірттер үшін ерекше толқынысқа толы, қимастық пен қуаныш сезімдері қатар өрілген маңызды сәт.
Жиын барысында жас түлектер ұстаздары мен ата-аналарына арнап жүрекжарды жырларын арнады. Қоңырау үні – мектеп өмірінің ажырамас белгісі, шәкірт жүрегінде мәңгі сақталатын қимас естелік. Осыдан он бір жыл бұрын дәл осы қоңырау үнімен мектеп табалдырығын аттаған түлектер енді болашаққа қадам басып, жаңа өмір белесіне аттанғалы отыр.
Салтанатты жиында «Соңғы қоңырау» соғу мәртебесі 1 «А» сынып оқушысы Құрманғали Амина мен 11 «А» сынып оқушысы Зілқара Ақботаға, сондай-ақ 1 «Б» сынып оқушысы Ажигов Аслан мен 11 «Б» сынып оқушысы Акимжанова Анфисаға берілді.
Шара барысында жас түлектердің ата-аналары балаларға арнап ән шырқап, жүректерінен шыққан ізгі тілектерін арнады. Кеш соңында түлектер дәстүрлі «Мектеп вальсін» билеп, балалық шақпен қоштасты.