"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқу жылының аяқталуына орай мұғалімдер еңбегі лайықты бағаланды

23.05.2025

2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай мектебіміздің тоғыз педагогы Жарқайың ауданының әкімі Е. Жүсіпбековтың атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Марапаттарды аудандық білім бөлімінің әдіскері Ғазез А.З. табыстап, ұстаздардың білім беру ісіне қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі мен өз ісіне адал  ерекшелігін  атап өтті.

Берілген алғыс хаттар мұғалімдердің жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі қажырлы еңбегін айқындайды. Әсіресе, жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, білім сапасын арттыруға қосқан үлестері мен кәсіби дамуға деген ұмтылыстары атап өтілді.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, еңбектеріне табыс, зор денсаулық, отбасылық амандық және шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 20


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст