"Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Тасты -Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Тасты-Талды отдела образования по Жаркаинскому району управления образования Акмолинской области"

               

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауышым – балбұлағым" атты әсерлі кеш

21.05.2025

Бүгін мектебімізде ерекше әрі жүрекке жылы тиерлік іс-шара – «Бастауышым – балбұлағым» атты мерекелік кеш өтті. Бұл кеш – бастауышпен қоштасу ғана емес, балалық шақтың бір белесіне деген алғыс пен қимастықтың белгісі іспетті болды.
Іс-шараға 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары ерекше дайындықпен келіп, мерекелік кешті жоғары деңгейде өткізуге үлкен үлес қосты. Ата-аналар тарапынан көрсетілген «Отбасылық өнер» қойылымдары көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлады. Ән айтылып, би биленіп, сахналық көріністер қойылып, кеш шынайы өнер мерекесіне айналды. Бұл қойылымдар арқылы ата-аналар мен балалардың арасындағы жылы қарым-қатынас, ұлттық тәрбиенің терең тамыры, отбасылық құндылықтардың маңыздылығы айқын көрінді.
Мерекелік кештің ерекшелігі – оның жүргізушілері де оқушылар мен ата-аналардың өздері болды. Олар сахнада еркін әрі сенімді көрініп, шебер жүргізушілік қабілеттерін көрсетті. Бұл да – үлкен еңбектің нәтижесі.

Сынып жетекшісі Есенғазина Л.Ш. оқушыларына жүрекжарды тілегін айтып, оларға алдағы білім жолында сәттілік тіледі. Ұстаздың әр сөзі – жылылыққа, мейірімге толы болып, ата-аналар мен балалардың көңілін толқытты.
Осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор кештің өтуіне атсалысқан барлық ата-аналар мен оқушыларға, ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз! Бұл кеш – әрбір қатысушының жүрегінде ұзақ сақталатын әсерлі естелік болып қалары сөзсіз.

Просмотров: 21


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст